АО Семипалатинский машиностроительный завод

Надежность Стабильность Эффективность

 

Плазменная резка металла

«Алаңдататын қоңырау», немесе қаржылық алаяқтарға қалай алданбауға болады

Fingramota.kz жаңа алаяқтық туралы айтып береді – олардың сценарийлері әр түрлі, бірақ тұжырымы бірдей.

№1 сценарий. «Телефондық» бонустар

Белгісіз біреулер банк қызметкері болып қоңырау соғады. Алаяқтар телефон бойынша төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты карта бойынша бонустар – көтеріңкі кешбэк, кейінге қалдыру мерзімін ұлғайтуды және адал клиенттер үшін басқа да артықшылықтар ұсынады. Осы тегін бонустарды алу үшін клиенттер өзінің картасының нөмірін, үш мәнді кодты (CVV код) хабарлауға тиіс және SMS-хабардан келген кодты айтады.

ТҰЖЫРЫМ: Қажетті ақпаратты алғаннан кейін алаяқтар картадан қаражатты алуға үлгеріп, телефонды өшіріп тастайды.

№2 сценарий. Ақшалай бонустар

 Алаяқтар белгілі банктердің атынан WhatsApp-чаттар жасайды, ал әлеуметтік желілерде көптеген банктік жалған аккаунттар пайда болады. Оның мәні біреу – олар адамдарды оларды аккаунттарына жазылуға шақырады, картаға ақша түріндегі бонустар түседі деп уәде береді. Тиісінше, ақша алу үшін өзінің төлем картаңның деректерін көрсету қажет.

ТҰЖЫРЫМ: Алаяқтар қажетті ақпаратты алғаннан кейін картадан алған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруы және өзінің әлеуетті құрбандарының базасын толықтыруы мүмкін.

 №3 сценарий. SMS-бонустар

 Алаяқтар SMS-хабарлар таратады, оларда, мысалы Сізді ұтыспен құттықтайды немесе Сіз карантин режимін бұздыңыз және ол үшін айыппұл төлеуіңіз керек деп хабарлайды. Сондай-ақ, нақты білуіңіз үшін сілтеме бойынша жүріп өтуді сұрайды.

Сілтеме бойынша жүре отырып, Сіздің телефоныңыз вируспен «залалдануы» мүмкін және алаяқ SMS-хабарларды басқаруға және тиісінше, Сіздің «мобильдік банкіңізге» қолжетімділік алады. 

ТҰЖЫРЫМ: Сіздің «мобильдік банкіңізге» қолжеткізе отырып, алаяқтар шоттағы қаражатты ақшаға айналдыруы мүмкін, сондай-ақ Сіздің телефон базаңызға қол жеткізеді, оны өздерінің пайдакүнем мақсаттарында пайдалануы ықтимал.

 Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?

 Өз қаражатыңыздың сақталуы үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

  • Қандай жағдай болмасын жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін қоса өзіңіздің дербес деректеріңізді ешкімге жібермеңіз;
  • Төлем картаңыздың деректемелерін: 16-мәнді нөміріңізді, ұстаушының атын, қолданылу мерзімін, CVV/CVC-кодын (үш мәнді кодты) ешкімге бермеңіз, айтпаңыз және жарияламаңыз (оның ішінде әлеуметтік желілерде).
  • Операцияларды авторизациялау және растау үшін жіберілген SMS-кодтарды ешкімге, оның ішінде банктің қызметкерлеріне хабарламаңыз;
  • Өзіңіздің банктік карталарыңызды үшінші тұлғаларға (туыстарыңызға да) бермеңіз;
  • Картаны жоғалтқан жағдайда дереу банктің жедел байланыс желісіне қоңырау шалып, оны жабыңыз немесе барлық операцияларды тоқтата тұрыңыз;
  • Банктің қызметкерлері карта бойынша деректерді не алынған SMS-ты беруді талап етіп бірінші болып ешқашан қоңырау шалмайды. Осындай мәселелер бойынша кез келген байланысқа клиенттің өзі ғана шыға алады;

Егер Сіз банктің шынымен ақшалай сыйлықтар беретініне күмәндансаңыз, осы банктің жедел байланыс желісіне қоңырау шалып, мән-жайды нақтылап алыңыз.

 Абай болыңыз және Fingramota.kz бірге өзіңіздің қаржылық сауаттылығын арттырыңыз!

 

Вы здесь: Главная Плазменная резка металла Новости «Алаңдататын қоңырау», немесе қаржылық алаяқтарға қалай алданбауға болады